Жапонияда жаңа премьер-министр сайланды
Жапонияның жаңа премьер-министрінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды 24kz.
Парламенттің төменгі палатасындағы депутаттардың жартысынан астамы либерал-демократиялық партияның төрағасы – Сигэру Исиба үшін дауыс берген. Енді оның кандидатурасын парламенттің жоғарғы палатасы мақұлдауы тиіс. Десе де, Исиба жаңа министрлер кабинетін жасақтауға кірісіп кетті. Өйткені оның жақтастарының саны басым. Ал апта соңында жаңа үкімет саяси бағдарламасын таныстырады деп күтілуде. Премьер-министр оның алдындағы әріптесінің тұрғындардың жалақасын көтеруге бағытталған экономикалық саясатын жалғастыратынын жария етті.
Айта кеткен жөн, бүгін Фумио Кисида бастаған үкімет толық құрамда отставкаға кеткен еді.