Иран Израильді зымырандармен атқылады
Иран Израильді зымырандармен атқылады, деп хабарлайды 24kz.
Ислам республикасының өкілдері бұл палестиналық ХАМАС және ливандық «Хезболла» ұйымдары және Ислам революциясы сақшыларының корпусы жетекшілерінің қазасы үшін кек қайтару екенін мәлімдеді.
Израильдің ақпарат құралдары 400-дей зымыран ұшырылғанын хабаралады. Бұл ретте еврей елінің әскері әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі іске қосылғанын айтты. Қарулы күштердің өкілдері шабуылдарға байланысты тұрғындарды сақ болып, әскерилердің нұсқауларын орындауға шақырып отыр. Құрбандар туралы мәлімет жоқ. Бүкіл ел бойынша әуе дабылы жарияланды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иранның ұшырған зымырандарының бірі Иордания аумағына құлаған. Соңғы оқиғаларға байланысты Израиль өз әуе кеңістігін жапты. Иранмен көршілес Ирак билігі де осындай шешім қабылдаған.