НАТО-ның жаңа басшысы қызметіне кірісті
Нидерландтың бұрынғы премьер-министрі Марк Рютте ресми түрде НАТО-ның бас хатшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды 24kz.
Ол бұл қызметті 10 жыл атқарған норвегиялық Йенс Столтенбергті алмастырды. Салтанатты рәсім солтүстік атлантикалық аляьнстың Брюссельдегі бас пәтерінде өткен. Жаңа басшы әскери блоктың қорғанысын күшейтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға уәде берді. Сондай-ақ келешекте ұйымға мүше елдер қорғаныс саласына бөлетін қаражатты ұлғайтады деп сөз берді. Бүгінде 32 мемлекеттің тек 23-і ғана секторға тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыр.