Швейцария мен Италия мемлекеттік шекарасын өзгертеді

Швейцария мен Италия мемлекеттік шекарасын өзгертуге мәжбүр, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені мұздықтардың еруінен Альпі тауларының пішіні өзгерген. Сөйтіп, арадағы шекара ығыса бастаған. Тараптар бұл мәселеге қатысты келісімнің ортақ жобасын былтыр мамырда дайындап қойған. Оны Швейцария тарапы мақұлдады. Енді италиялықтар құптау керек. Жалпы кейінгі екі жылда Альпі тауларындағы мұздықтардың ауданы 10% азайған. Парниктік газдардың мөлшерін азайтпаса, ғасыр соңына таман олардың жартысы еріп кетуі мүмкін деген қауіп бар.