Джо Байден: АҚШ Израильді қолдауға дайын
Бүгін түнде Иран Израильге 180 зымыран атты.
Мұны екі тарап та ресми түрде растады. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранның бұл әрекеті үлкен қателік деп мәлімдеді.
Ал Иран қарулы күштерінің басшысы Мохаммад Багери егер Изарильді АҚШ пен Еуропа тоқтатпаса, біз шабуылды қайталаймыз деп кесіп айтты. Ал АҚШ президенті Джо Байден өз әскерлеріне Израильді Иранның зымырандарынан қорғауға пәрмен берді.
Джо Байден, АҚШ президенті:
Америка Құрама Штаты толығымен Израильді қолдайды. Соңғы жағдайға байланысты Ұлттық қауіпсіздік тобы шұғыл отырыс өткіздім. Сондай-ақ израильдік шенеуніктермен байланысты болып, мән-жайдың бәрін бақылауда ұстап отырмыз.