Жозеп Боррель: Ливанда қару-жарақ жойылып, дипломатияның үні шығуы керек

Еуроодақ Сыртқы істер министрлері "Хезболла" мен Израильді тез арада атысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель әріптестерімен өткізген шұғыл бейнеконференциядан кейін мәлімдеді.

Жозеп Боррель, Еуроодақ дипломатиясының басшысы:

- Израиль мен Ливанның егемендігіне кепілдік берілуі керек және одан әрі кез келген әскери араласу жағдайды күрт нашарлатады және оған жол бермеу керек. Кеңірек келіссөздер процесінің бөлігі ретінде екі жақтан қоныс аударған халықтың қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету. Ливан азаматтары арасында көптеген құрбандар болғанын, азаматтық инфрақұрылымның қирағанын және ішкі көшіп-қонушылардың жоғары деңгейін айтқан болатынбыз. Мен барлық жағдайда халықаралық гуманитарлық құқықты құрметтеуге шақыратынымды қайталаймын. Қару-жарақ жойылып, дипломатияның үні шығу керек.

Жозеп Боррель Брюссельдің Ливан билігіне және осы елдің халқына гуманитарлық көмек көрсету ниетін қолдайтынын айтты. «Хезболла» жетекшілері мен азаматтық аймақтардағы нысандарға жасалған жаппай соққылар Ливандағы млн-ға жуық адамды үйлерін тастап қашуға мәжбүр етті және 100 мыңға жуық ливандық көршілес Сирияда бас сауғалап жүр. Еурокомиссия Ливанға, қақтығыстардан зардап шеккендерге 10 млн еуро көмек бөлді. Сонымен қатар, Еуропалық Бейбітшілік Қорынан 50 млн еуро көлемінде қосымша көмек көрсетіледі. Еуроодақтың азаматтық қорғау механизмі аясында Брюссель Ливанға дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық жіберді.

Жозеп Боррель, Еуроодақ дипломатиясының басшысы:

- Еуроодақ Ливанның мемлекеттік институттарын жойылу қаупінен сақтау үшін ұжымдық міндеттеме алуы керек. Еуроодақ тез арада атысты тоқтату, Ливан қарулы күштерін орналастыру, осы елдің Президентін сайлау, үкіметті құру және 1701 БҰҰ Қаулысының толық орындалуын қамтамасыз ету үшін дипломатиялық шешімге есік ашуды талап етеді. Бейрут пен Ливанға жасалған жаппай соққылар, әрине, Хезболла жетекшілеріне бағытталған, бірақ олар сонымен бірге тәуелсіз елдің егемендігін бұзу, құрбан болғандардың көптігі және Израильге қатысты мәселе екені анық. Гуманитарлық құқықты ескеру қажет.

Еуроодақ дипломатиясының басшысы Израиль мен «Хезболла» арасындағы  атысты тез арада тоқтатуға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын толық орындауға шақыратынын баса айтты. Ресми Брюссельдің ұстанымы осындай.

 

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов