Еуроодақта ғарыш бойынша комиссар пайда болады

Еуроодақта алғаш рет қорғаныс және ғарыш мәселелері бойынша еурокомиссар пайда болады.

Бұл қызметке Литваның бұрынғы премьер-министрі Андрюс КубИлюс тағайындалАды. Ол 5 жылдық өкілеттігі кезінде одақтың ғарыш туралы заңнамасын әзірлеуі керек. Қазір еуропа елдері ғарышты игеруден АҚШ-тан айтарлықтай артта қалып қойған. Енді жаңа комиссар олқылықтардың орнын толтыру үшін қаражат жинаумен де айналысатын болады.