Италияда футбол бизнесін қадағаламақ болған қылмыстық топ анықталды
Италия мафиясы футболға қауіп төндіріп отыр.
Елде 19 адам қамауға алынды. Қылмыстық топ футбол маңайындағы кәсіпті яғни стадиондардағы көлік тұрақтарын, тамақтану орындарын, билеттер мен кәдесыйлар сатылымын қадағаламақ болған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер заңсыз есірткі саудасымен де айналысқан көрінеді.