Аргентинада тотықұстар маза бермей тұр

Аргентинаның Иларио Аска-суби қаласының тұрғындарына тотықұстар маза бермей тұр.

Электр бағаналарына қонуды әдетке айналдырған құстар, сымдарды тістеп, қажап тастайды екен. Содан жарық жиі сөніп, тұрғындарды әбден әбігерге салды. "Ол аздай, қаладағы құстардың шуынан түк естілмейді", - дейді тұрғындар.

"Бәріне ормандардың оталуы себеп. Содан құстар мекендеген ортасынан айырылып, қалаға жиі ұшып келетін болған", - дейді мамандар. Билік оларды үркіту үшін шу құрылғыларын тіпті лазер сәулелерін де пайдаланып көрген. Бірақ барлығы нәтижесіз. Қазір қаладағы бір тұрғынға 10 тотықұстан келеді екен.