Тель-Авивтегі лаңкестік әрекет кезінде 7 адам оққа ұшты
Иран Израильді зымыранмен атқылымас бұрын Тель-Авивтегі Яффа портында лаңкестік әрекет орын алып, 7 адам оққа ұшты.
Тағы бірнеше адам ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. Олардың ішінде Израильдік ЦАХАЛ әскерінің әйел сарбазы бар. Оқиға куәгерлерінінің айтуына қарағанда,, екі ер кісі көшенің қақ ортасында,, тұрғындарға оқ атқан. Жергілікті полиция, мұны лаңкестік әрекет деп танып, оны ұйымдастырғандарды қамауға алды. Олардың кім екені әлі анықталған жоқ. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.