Израиль Хезболланың Бейруттегі нысандарын атқылап жатыр

Израиль Бейруттегі Хезболла нысандарын атқылауын жалғастырып жатыр.

Ливандық "Аль-Маядин" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша 1 тәулікте 55 адам қаза тапқан. Тағы 156 адам ауыр жарақат алған. Израильдің үздіксіз шабуылдарынан миллионнан астам тұрғын жан-жаққа босып кетті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы мәлімдеді. Ресми ақпарға сүйенсек, жүздеген адам Сирияға бас сауғаласа, көпшілігі Грекия, Кипр, Болгарияға қашып кеткен.