БҰҰ Бас хатшысының Израильге кіруіне тыйым салынды

Израиль БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришті "нон грата тұлғасы" деп жариялап, елге кіруіне тыйым салды.

Бұл туралы еврей елінің сыртқы істер министрі жария етті. Өйткені Гутерриш Иранның зымырандармен атқылауына қатысты сын айтпаған. Сонымен қоса Израильге былтыр күзде жасалған шабуылдан кейін палестиналық Хамасты лаңкестік ұйым деп жариямалағанына ашулы. Негізі бұған дейін БҰҰ басшысы Х әлеуметтік желісінде Таяу Шығыстағы шиеленістің өршуін сынға алатыны туралы жазып, атыс-шабысты тоқтатуға шақырған. Бірақ ол мәлімдемесінде не Израиль, не Иран елінің аты аталмаған.