Миллионнан астам Бейрут тұрғыны босып кетті

Миллионнан астам Бейрут тұрғыны босып кетті

 

Бейрут тұрғындары Израиль тарапынан шабуылдың үдей түсуіне байланысты миллионнан астам тұрғын жан-жаққа қашып жатыр.

Бүгін түнде Бейрут-Кипр бағытындағы екі рейс Ларнака әуежайына қонды. Жолаушылардың дені Ливан азаматтары. Олар жағдай тұрақталған соң, Ливанға кері қайтады. Осыған дейін 100 мыңнан астам адам Сирияға бас сауғалап кеткен еді. Сондай-ақ босқындардың көбі Грекия, Болгарияға барды. Ал Ливанның қауіпсіз аймақтарында 26 мың адамға уақытша баспана салынды.


Әли Абдул Хассан, Ливан азаматы:

- Мына соғыс ерте ме, кеш пе бітеді деген үміттемін. Өйткені соғыс ешкімге пайда әкелмейді. Израильде де бейбіт тұрғындар бар. Олардың бәрі соғысты қалайтынына күмәнім бар. Біз өмір сүргіміз келеді. Қатердің бәрі саясаттағы қауіпті адамдардан келеді.