Иран президенті АҚШ пен Еуропа елдерін Израильді тоқтатуға шақырды

Иран Таяу шығыста қықтығыстың шиеленісуін қаламайды.

Иран Президенті Масуд Пезешкиан Израильмен арадағы жанжалдың ушығуаны қатысты Қатардағы іс-сапарында осылай деп пікір білдірді. Оның айтуынша, егер Израиль айтқан бетінен таймай, соғыс ашатын болса, келесі жауап бұдан да күшті болады. АҚШ пен Еуропа елдері Израильді тоқтатуға әрекет етуі керек. "Біздің қалайтынымыз соғыс емес, әуелден бейбітшілік жағындамыз", - деді Иран президенті.

Масуд Пезешкян, Иран президенті:

- Аймақтың қауіпсіздігі - тұтас мұсылман қауымның қауіпсіздігі. Біз соғыс пен қантөгісті қаламаймыз. Иран президентті болған сәттен бастап, әр сөзімде тек бейбіт күн орнату туралы айтып келемін. Ешбір мемлекет соғыстың ортасында жүріп гүлденіп, өркениетті ел бола алмайды.

Тамим Бин Хамад Аль Тани, Қатар эмирі:

- Қатардың мақсаты қақтығыстың артын үлкен соғысқа ұластырмай, екі тарапты ортақ келісімге келтіру. Бұл үшін Израиль Газа секторындағы, Ливандағы  әділетсіз әрекеттерін доғаруы керек.