Таяу Шығыста ахуал ушығып тұр. LIVE

Меруерт Қанағат, меншікті тілші:

- Қазір Таяу Шығыста жағдай күрделі. Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс айтарлықтай күшейді. Иран шамамен 200-ге жуық баллистикалық зымыранды Израильге қарай атқан, ал Израиль оған жауап ретінде Иранға қарсы ауқымды әскери операциялар дайындауда. Бұл шабуылдар Ливан мен Газа секторындағы Хезболла және басқа да Иран қолдайтын топтармен қақтығыстарды одан әрі өршітіп отыр. Аймақтағы бұл шиеленіс соғыстың кең ауқымды деңгейге өту қаупін тудыруда, әсіресе халықаралық күштер тартылуы мүмкін. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Израильге қарсы тұрып, Ливанды қолдайтынын кесіп айтты. Бұл туралы ол жазғы демалыстан кейінгі Парламент отырысының ашылуында мәлімдеді. Сондай-ақ ол өз сөзінде Түркия Израильге қарсы шығуды жалғастырады және әлемді осы асыл ұстанымға қосылуға шақырамын, деп мәлімдеді.  

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

 - "Уәде етілген жер" адасуымен әрекет етіп, Израиль әкімшілігі Палестина мен Ливаннан кейін толық діни фанатизммен көз алартатын жер, шынын айтқанда, біздің Отанымыз болады. Израильдің келесі көздегені Түркия болуы ғажап емес. Тұтас әлем боп, Израильге қарсы тұруға шақырамын. Израиль белгілі бір заңға бағынған мемлекет емес, құдды бір қылмыскерлер сияқты.

Таяу шығыстағы жағдайға қатысты сарапшылар әртүрлі пікірде. Бірі, соғыс аймағынан көші-қон артады деген пікірде. Десе де нақты не болатыны алдағы күндерде белгілі болмақ.