Таяу Шығыстағы отандастарымыз елшіліктің көмегіне жүгіне алады
Таяу Шығыста қарулы қақтығыстың өршуі себепті Тель-Авивтегі Қазақстан елшілігі отандастарымызға барынша сақ болуды ескертеді.
Соғыс аймағына жақын жүрген азаматтар қауіпсіздікті ойлап, жаңалықтарды қалт жібермей қадағалап отыруға тиіс. Қазақстан Елшілігімен үнемі байланыста болғаны жөн. Израильде Қазақстан азаматтары үшін жедел желі іске қосылды. Тегеран, Бейрут және Тель-авивтегі Қазақстанның консулдық мекемелеріне экранда көрсетілген нөмірлер арқылы хабарласуға, сондай-ақ Ішкі істер ведомствосының +7-7172-72-05-00 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Қазақстанның консулдық мекемелерінің байланыс нөмірлері
Тегеран
+98 21 2256 5933
+98 936 208 4672
Бейрут
+961 4 713 447
+961 71 116 004
Тель-Авив
+972 53 635 19 83
+972 55 273 38 13