Израиль Бейруттың орталығына соққы берді

Бүгін түнде Израиль Бейруттың орталығына соққы берді.

Cоның салдарынан бір тәулікте 46 адам қаза тапты, тағы 85 адам ауыр жарақат алған. 
Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Хезболла нысандары мен медициналық мекемелердің ғимаратына зақым келген. Жарылысты қаладағы Біріккен Ұлттар ұйымы штаб-пәтері мен үкімет ғимараттарының маңында да естіген. Сондай-ақ Израиль рұқсат етілмеген жерлерде де барлауды жалғастырып жатыр. Бір күннің ішінде Израиль әскері Ливан шекарасынан солтүстікке қарай шамамен 400 метрден асқан. Ресми Бейруттың мәліметіне қарағанда Израиль Біріккен Ұлттар ұйымы бақылауындағы екі елді бөліп жатқан көк сызықты кесіп өткен.