АҚШ-та «Хелен» дауылынан 190 адам опат болды

АҚШ-та соққан Хелен дауылынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін жылдар және қыруар қаражат керек.

АҚШ Ішкі қауіпсіздігінің министрі Алехандро Майоркас осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, тропикалық дауыл кейінгі жылдардағы ең алапат дауыл болды. Соңғы ақпар бойынша, табиғи апаттан опат болған адам саны 190-ға жетті. Көз жұмғандардың дені Солтүстік Каролина тұрғындары. Сондай-ақ Оңтүстік Каролина, Джорджия, Флорида, Теннеси және Вирджиния штаттарында ахуал күрделі.