Польшада бала туу көрсеткіші төмендеп кетті

Польшада бала туу көрсеткіші рекордтық деңгейге дейін төмендеп кетті.

37 млн-нан астам тұрғыны бар мемлекетте былтыр 272 мың сәби ғана дүниеге келген. Бұл - екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған жағдай. Экономикалық қиындықтардан қорыққан жастар балалы болуға асықпайды. Қазір елдегі әйелдер орта есеппен 29 жасында ғана бала көтереді екен. "Бұлай жалғаса берсе, 2060-жылға таман халық саны 6 жарым млн-ға азаюы мүмкін", - дейді сарапшылар.