ХАМАС-тың жоғары шенді мүшелері қаза тапты
ХАМАС-тың жоғары шенді мүшесінің бірі Равхи Муштахи қаза тапты
Бұл туралы Израиль әскері ресми мәлімдеді. Жергілікті The Jerusalem Post ақпарат агенттігінің дерегіне қарағанда, Муштахимен қатар ХАМАС-тың саяси бюросы мен еңбек комитетінің министрі лауазымына уақытша келген Самех әл-Сирадж, сондай-ақ, ХАМАС қолбасшысы Сами Удех қасақана өлтірілген. Қастандық осыдан 3 ай бұрын жасалған. Бірақ ХАМАС бұл ақпаратты әскерінің рухы сынбас үшін жасырып келген. Дегенмен, Израильдің бұл дерекпен не себепті енді бөліскені әзірге белгісіз.