Израиль әскері мен «Хезболла» бір-бірін атқылап жатыр

Израиль әскері мен «Хезболла» бір-бірін атқылап жатыр

Израиль әскері Ливандағы «Хезболла» ұйымының нысандарын әуеден соққылап жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Кейінгі тәулікте 200-ден аса нысанды атқылаған. Олардың арасында қару-жарақ қоймалары бар. Ал, «Хезболла» Израильге қарай 25 зымыран мен 5 дрон ұшырған. Олардың көбі көкте атып түсірілді. Еврей елі күштері қазір Ливан аумағындағы құрлықтағы операциясын жалғастырып жатыр. Израиль тарапы осы аптада басталған операция кезінде алғаш рет жауынгерлері қаза тапқанын хабарлады. Қарулы қатығыс кезінде 8 әскери қызметкер көз жұмған.