Еуропалық Одақ Ливанға көмекке €30 млн бөлді

Израиль мен Ливанның арасындағы қақтығыстың ушығуына байланысты Еуроодақ Ливанға гуманитардық көмек ретінде 30 млн еуро бөлді.

Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Жалпы биыл ЕуроОдақтың Таяу Шығысқа бөлген көмек көлемі 100 млн еуроға жетті. Ол қақтығыстан зардап шеккен қарапайым халықтың қажетіне, дәрі-дәрмек пен тамаққа жұмсалды.