Еурокомиссия экология туралы заңды шегере тұруды ұсынды

Еурокомиссия экология туралы заңды шегере тұруды ұсынды

Еурокомиссия мүшелері орманды отауға жол бермейтін заңды қолдануды кейінге қалдыру қажет деп санайды.

Құжат тауарлардың импорты мен экспортын шектейді. Тізімде кофе, соя, пальма майы бар. Заң биыл 30 желтоқсанда күшіне ену керек еді. Бірақ одаққа мүше кейбір елдер заңды қабылдауға дайын емес. "Сол үшін жаңа ережені бір жылға шегеріп, 2025 жылдың соңында енгізу қажет", - дейді комиссия мүшелері. Бірақ мұндай ұсыныс экологтардың көңілінен шықпай тұр.