Бразилиядағы Атафона қаласы суға батып барады

Бразилияда Атлант мұхиты жағасында орналасқан әйгілі Атафона қаласы ақырындап суға батып барады.

Оған климаттың өзгеруі себеп. Жағажайларда топырақ эрозияға тез ұшыраған. Сондай-ақ кейінгі 30 жылда Атлант мұхитындағы су деңгейі 12 сантиметрге көтеріліпті. Жағажайға жақын орналасқан 500-ге жуық үй қирап қалған. Оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Жерілікті билік қолдан келгенше өзге өңірлерден топырақ тасып, жағалауды нығайтуға тырысып жатыр. Бірақ бұған көп қаражат қажет. БҰҰ-ның мәліметі бойынша климаттың өзгеруі себепті кейінгі 10 жылда әлемде мұхит деңгейі 2 есе жылдам көтеріліп барады.

Эдуарду Бульос, географ:

- Атафона секілді аудандар эрозияға қатты ұшыраған. Содан болжамдар бойынша алдағы 28 жылда жағалаудағы аймақтың 150 метрге дейін қысқаруы мүмкін.