Израиль Ливанның оңтүстігіндегі халықты эвакуациялануға шақырды

Израильдің қорғаныс армиясы Ливанның оңтүстігіндегі 30-дан астам ауылдың тұрғындарын шұғыл түрде эвакуациялануға шақырды.

Қауіпсіздік мақсатында азаматтарға солтүстік өңірлерге көшу туралы кеңес берілген. Себебі аймаққа соққы жасалмақ. ЦАХАЛ "Х" әлеуметтік желісіндегі парақшасында алдағы уақытта атқылануы мүмкін елді мекендер тізімін де жариялаған. Айта кетейін, аймақтағы ахуал ушыққалы бері бір миллионнан астам ливандық үйін тастап кетті. 100 мыңнан астамы Сирияға қашты.