Израиль Ливан мен Сирия шекарасын атқылады
Израиль армиясы Ливан мен Сирия шекарасындағы әл-Масна бақылау бекеті аумағын зымыранмен атқылады.
Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс ((Associated Press)) агенттігі хабарлады. Бұл шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы әзірге ақпар жоқ. Тек Бейрут пен Дамаск қалаларын жалғайтын жолда көлік қозғалысы қиындағаны белгілі. Дәл осы тасжол арқылы мыңдаған ливандық Сирияға қарай бас сауғалап қашқан еді. Естеріңізде болса, кеше Израильдің қаруы күштері Хезболла қозғалысы өкілдерінің Ливанға қару-жарақ тасымалын бақылау бекеттері арқылы жасап жатқанын хабарлаған еді.