Күннің бетінде жойқын жарылыс болды – NASA
Күннің қақ ортасында жарылыс болды.
Оны НАСА тіркеді. Ғалымдар "Икс 9" ((Х9)) деп атаған жарылыс 30 минутқа созылған. Салдарынан ғарышқа күн плазмасы бөлінді. Бұл Жер бетінде күшті магниттік толқын тудырған. Сондай-ақ Атлант мұхитының үстінде радиобайланысқа кедергі жасаған. Мамандар мұндай жойқын жарылыс 2017 жылдан кейін алғаш рет тіркелді дейді.