Ресейде бес дауыс беру учаскесі референдумға дайын
Ресейде бес дауыс беру учаскесі республикалық референдумға дайын.
Қазанның 6-сы күні көрші мемлекетте жүрген қазақстандықтар Мәскеудегі елшілікте және Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы бас консулдық ғимараттарында дауыс бере алады.
Александр Синяговский, №397 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:
- Дауыс берушілер тізімін құру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазақстан Республикасының барлық азаматы Мәскеуде дауыс бере алады. Қазіргі уақытта консулдық есепте шамамен мыңға жуық адам тіркелген. Біз әдеттегідей азаматтарымыздың жоғары белсенділігін күтеміз.