АҚШ-қа дүлей дауылдан келген шығын мөлшері белгілі болды
АҚШ-та ойран салған «Хелен» дауылы ел тарихындағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі.
Washington Post басылымы осылай дейді. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Американың 6 штатында дүлей дауыл соғып, шамамен 220 адам опат болды. Жүздеген тұрғын хабар-ошарсыз кетті. Си-Эн-Эн ((CNN)) дерегі бойынша тілсіз жау Солтүстік Каролина штатын түгелдей тып-типыл еткен. Соның салдарынан аймақтағы жолдар бүлініп, үйлер қирап қалған. Халық арасында азық-түлік тапшылығы сезіліп, медициналық көмекке мұқтаждық артқан. Биік өкілдерінің айтуынша, апаттың салдары мен зардабын толығымен жою үшін жылдар қажет. Айта кетейін, алдын ала есеп бойынша «Хеленнен» келген материалдық шығын 100 миллиард доллардан асады.