БҰҰ: Ливандағы уақытша паналау орындары лық толы

Ливанда үйлерін тастауға мәжбүр болған тұрғындар үшін құрылған уақытша паналау орталықтарында орын жоқ.

Бұл туралы БҰҰ өкілдері мәлімдеді. Израильдің әуе шабуылдарынан бас сауғалап қашқан азаматтар енді далада түнеуге мәжбүр. Мұндай жағдайға алаңдаған ұйым өкілдері қыс түскенде тұрғындардың жағдайы одан сайын нашарлай түсетінін айтып, дабыл қағып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Израиль әскері Ливан мен Сирия шекарасындағы Масна бақылау-өткізу бекеті маңындағы тасжолды атқылаған еді. Дәл осы жолмен мыңдаған ливандық Сирияға қарай бас сауғалап қашқан еді. «Рейтер» агенттігі келтірген мәлімет бойынша кейінгі 10 күнде онымен 300 мыңдай адам жүріп өткен.