Франция премьер-министрі қаржы дағдарысының алдын алу жолын ұсынды

Франция билігі ірі компанияларға салынатын салық мөлшерін арттырмақ, деп хабарлайды 24kz.

Соның арқасында ел бюджетін қосымша 20 миллиард еуроға арттыру көзделіп отыр. Аталған шара 1-2 жыл күшінде болады. Жуырда Франция премьер-министрі Мишель Барнье осындай ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, елде қаржы дағдарысы қаупі өте жоғары. Оның алдын алу үшін жаңа үкімет басшысы келесі жылы бюджет шығынын 60 миллиард еуроға қысқартуды ұсынып отыр. Бұдан бөлек, билік өкілдері бірқатар министрлік мен жергілікті атқарушы органдардың шығынын азайтуды жоспарлауда.