Аббас Аракчи: Иран Ливанда атыс-шабыстың тоқтағанын қалайды
Иран ары қарай да «Хезболла» ұйымы мен Ливан халқына қолдау білдіруін жалғастырады, деп хабарлайды 24kz.
Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи тиісті мәлімдемені Бейрутке іс сапары кезінде жасады. Ол сондай-ақ Ливандағы атыс-шабыстың тоқтағанын қалайтынын да жеткізді. Бірақ ол үшін тұрғындардың құқықтары сақталу керек деді.
Аббас Аракчи, Иранның сыртқы істер министрі:
- Біз Ливанда оқ атуды доғаруға қатысты жерлігікті билік және өзге де елдермен үнемі байланыстамыз. Осындай қиын кезеңде Бейрутке келуім біздің «Хезболла» ұйымын, жалпы бүкіл Ливан халқын қолдайтынымыздың белгісі. Біздің шабуылдарды жалғастыру ниетіміз жоқ. Бірақ Израиль Иранға қарсы әрекет ететін болса, жауап қайтарамыз.