Таяу Шығыстағы шиеленістен Ливанда 2011 адам қаза болды

Таяу Шығыстағы шиеленіс ушыққан бір жыл ішінде Ливанда 2 мыңнан аса адам қаза болды, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 10 мыңға жуығы жарақат алған. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлайды. Әсіресе, кейінгі бірнеше аптада көз жұмғандар көп. Оған Израильдің шабуылдарды үдетуі себеп. 700-ге жуық адам жарақат алған. Бұл ретте БҰҰ Израильдің әскери іс-қимылдары салдарынан бейбіт тұрғындардың көз жұмуына жол бермеуге шақырып отыр.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы:

- БҰҰ бейбіт тұрғындар арасында құрбандар санының артуына алаңдаулы. Түнде ғана Израиль Бейруттің тұрғын аудандарын соққылады. Алдын ала мәлімет бойынша салдарынан құтқарушылар зардап шеккен. Тараптардың барлығы кісі өлімін болдырмай, азаматтық инфрақұрылым нысандарын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек.