Қазақстан мен Корея заңсыз көші-қон мәселесін талқылап жатыр

Қазақстан мен Оңтүстік Корея үкіметтері қазір еліміздің азаматтарына жұмыс визаларын беру туралы келісімге қол қоя алмай отыр.

Оған осы елде заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың көбеюі себеп. Тараптар Сеулде бас қосып Қазақстан үкіметіне заңсыз көші-қон мәселелерін бірлесіп шешу ұсынылды.

Оңтүстік Кореяның кәсіпорындарына заңсыз еңбек мигранттарын жұмысқа алу күннен-күнге азайып келеді. Себебі оларды көші-қон қызметінің қызметкерлері тексеруге келуі мүмкін. Заңсыз мигрантты тек жұмыс орнында ғана емес, үйінде, дәмханалар мен дүкендерде де ұстай алады.

Владислав Цой, тілші:

- Бұл жол көптеген зауыттар орналасқан өнеркәсіптік аймақтан Ансонг қаласының Нэри ауданына апарады, ондағы тұрғындардың басым көпшілігі ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның азаматтары. Дәл осы жерде Кореяның көші-қон полициясының патрульдері кезекшілік етеді. Олар барлық көліктерді тоқтатып, жүргізушілер мен жолаушылардың құжаттарын тексереді және елде заңсыз жүрген адамдарды ұстайды.

Виталий Пак, Ансонг қаласының тұрғыны:

- Мен көші-қон қызметінің қалай келіп, заңсыз мигранттардың қалай қоршаудан асып қашып, тауға қашатынын көрдім. Егер заңсыз мигрантты ұстап алса, компанияға айыппұл салынады. Менің алдыңғы жұмыс істеген компаниямда бір адам үшін 40 миллион вон айыппұл салды. Қазір шетел азаматтарының елде болу ережелері күшейтілгендіктен, оңтүстіккореялық компаниялар заңсыз мигранттарды қабылдамауға тырысады.

Седжон

Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Е-9 визасын беру туралы екіжақты келіссөздер өткен жылдың тамыз айынан бері жүргізіліп келеді. Тараптар Қазақстан азаматтары мұндай визаны алмас бұрын алты ай бойы корей тілін үйреніп, медициналық тексеруден өтуі керектігі туралы келісімге келді. Енді Кореяның әділет министрлігі қазақстандық мигранттарды еңбек визасының мерзімі аяқталғаннан кейін Отанына қайтару және олардың елде заңсыз болуына айыппұл салу механизмдерін қарастыруды сұрайды.

Сеул

Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Корея еңбек министрлігі өкілдерімен кездесу өтті. Ол кездесуде көше-қон саласының мәселерін қарастырдық. Ең маңызды мәселе заңсыз жүрген мигранттар. Ол мәселені біз мемлекеттік органдармен бірлесіп үкіметтің тарапында қараймыз.

Аслан Аталықов, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы:

- Халықтың көші-қоны саласында екі маңызды келісімге қол қою бойынша келіссөздер өтті. Бірінші келісім – халықтың көші-қоны саласына қатысты уағдаластық. Екіншісі екі мемлекеттің азаматтарын реадмиссиялау туралы келісім. Бұл құжатсыз қиын жағдайға тап болған екі ел азаматтарын Отанына жеңілдетілген тәртіппен қайтаруға мүмкіндік береді. 

Ансонг

Қазір Оңтүстік Кореяда  заңсыз мигранттарды іздеу бойынша бір айлық операция жүріп жатыр. Ол қыркүйектің 30-ында басталған. Бірақ осы 1 ай ішінде елде болу мерзімін бұзған шетелдіктер айыппұл төлемей-ақ ерікті түрде Отанына орала алады. Ол үшін кету күніне үш күн қалғанда көші-қон қызметіне тиісті өтініш беру қажет. 

Владислав Цой, Ольга Лян