Сеулде 390-шы референдум учаскесі ашылды
Жергілікті уақыт таңғы 7-де Сеул қаласындағы 390-шы референдум учаскесі ашылды.
Мұнда референдум комиссиясының 5 қызметкері жұмыс істейді. Учаскедегі жұмыс Мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Алғашқы болып таңдауын жасаған Камила Маутова болды. Ол Оңтүстік Кореяда қызметтік іссапарда жүр. Учаске кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді, яғни, Астана уақыты бойынша сағат 16:00-ге дейін.
Референдумға шамамен 150 адам өз таңдауын жасайды деп күтілуде.