Жапонияда 393-ші референдум учаскесі ашылды
Астана уақыты бойынша сағат 3-те Жапонияда 393-ші референдум учаскесі ашылды.
Ол Токио қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде орналасқан.
Алғашқы болып жапон клиникаларының бірінде жұмыс істейтін хирург Марлен Доскалиев дауыс берді. Ол референдумға қатысып, Қазақстанның дамуы үшін маңызды мәселе бойынша өз пікірін білдіруге қуанышты екенін атап өтті.