Қытайдағы Қазақстан азаматтарының 61%-ы дауыс берді
Көрші мемлекеттің астанасы мен Гонконг және Шанхай сияқты ірі қалаларда үш референдум учаскесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды 24kz.
Әсіресе студент жастар көп. Арасында кәмелеттік жасқа енді толғандары да бар. Негізінен дауыс берушілердің дені дипломаттар, ұлттық компания өкілдері мен олардың отбасылары. Іссапарда және саяхатта жүрген қазақстандықтар да келіп жатыр.
Жібек Тәттібай, студент:
- Бұл менің үшінші мәрте дауыс беруім. Бейжің қаласында Мензу университетінде оқимын. Бүгін келіп азаматтық борышымызды орындап, осындай маңызды мәселеге дауыс бергенім үшін қуаныштымын.