Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың 30%-і дауыс берді

Бүгін 59 мемлекеттегі Қазақстан азаматтары да референдумда дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Ең алғашқы болып Оңтүстік Корея мен Жапониядағы отандастарымыз өз таңдауын жасады. Оңтүстік Корея жұрты жексенбіде ғана демалады. Сондықтан жұмыс істейтін азаматтар ұйқысын қандырып, асықпай келеді. Ал Сеулде Қазақстан Елшілігінің ғимаратында ашылған учаскіге таңсәріде ең бірінші болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова барып дауыс берді.

Камила Маутова, халықаралық ұйым қызметкері:

- Референдум әр азаматтың пікірін ескеріп, тиісті мәселе бойынша шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз дауыс беру арқылы өз көзқарысымызды білдіруіміз керек.

Қытайда бүгін үш дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Бейжің, Гонконг және Шанхай қалаларында орналасқан. Учаскелер осы шаһарлардағы дипломатиялық өкілдіктерінің аумағында ұйымдастырылған. Дауыс беру Қытайда жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін белгіленген тәртіппен бюллетендер елге жөнелтіледі.

Нұрлан Аққошқаров, №389 учаскесінің комиссия төрағасы:

- Қытай Республикасында 3 сайлау учаскесі белгіленген. Бейжің, Шанхай және Гонконг қалаларында. Соның ең көбі, әрине

Бейжің қаласында. 236 тізім бойынша адам тіркелсе, Гонконгта 83 адам, Шанхайда 52 адам белгіленген. Бірқ тізімнен қосымша келіп жатқан адамдар келіп жатыр. Қазіргі уақытқа қарағанда дауыс берушілердің 30%-і дауысын беріп, өздерінің қалауын жасады.

Учаскелер Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам мен Индонезияда да ашылды. Дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, БАӘ, Оман, Әзербайжан, Армения, Грузия, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстанда да белсенді жүріп жатыр. Жақын арада Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінде учаскелер өз жұмысын бастайды.