Ресейде дауыс беруге арналған 5 учаске ашылды
Ресейде референдумда дауыс беруге арналған 5 учаске ашылды.
Қазақстандықтар Омбы, Қазан, Астрахань мен Санкт-Петербордағы бас консулдықтарда, сондай-ақ Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде азаматтық міндетін орындай алады. Референдумға қатысу үшін 900 адам тіркелген. Дауыс бергендер арасында студентер, Еуразиялық экономикалық комиссия, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен коммерциялық компания қызметкерлері бар.
Айжан Тұрапова, қазақстандық компания қызметкері:
- Бұл референдум әр қазақстандық үшін маңызды деп ойлаймын. Әрине, әркімнің өз пікірі болады. Сондықтан бұл – өз ұстанымыңды білдіру үшін үлкен мүмкіндік.
Ернар Бакенов, ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры:
- Осындай мәселелер бойынша референдум өткізу – өте дұрыс және маңызды шешім. Осы тұрғыда халықтың пікірін білген абзал. Елшіліктегі осы учаскеге таңертең ерте азаматтарымыздың көптеп келіп жатқанын байқадым. Адамдардың келіп, өз ұстанымын білдіргені бәріміз үшін маңызды.