АҚШ-та дауыс беру жалғасып жатыр. LIVE

АҚШ-та референдум барысы қалай өтіп жатқанын сондағы меншікті тілшіміз Талғат Алманнан білсек.

Ол қазір Вашингтонда орналасқан дауыс беру учаскесінен ЗУМ арқылы байланысқа шығып тұр. Талғат, отандастарымыздың белсенділігі қалай? 

Талғат Алманов, тілші:

- Біз қазір Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде тұрмыз. Қазір сағат түскі 12-ден кетті. Бұл жердегі 381 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 7-ден жұмысын бастап кетті. Осы уақытқа дейін біраз жерлесіміз келіп, азаматтық борыштарын өтеді. Арасында алғаш рет дауыс берген отандастарымыз да бар.  Жалпы, елішіліктің айтуы бойынша бүгін ұзын саны 400- ге жуық адам дауыс береді деген болжам бар. Олар АҚШ-та тұрып жатқан жерлестеріміз мен жұмыс бабымен келген азаматтар, білім қуып жүрген студенттер және елшілік қызметкерлері. Бірнеше минут бұрын біз елшіліктегі дауыс беру барысы туралы комиссия мүшесімен тіледскен едік. 

Марат Сапарғалиев, № 381 учаскелік референдум комиссиясының өкілі:

- Бұл 381 дауыс беру учаскесі. Дауыс берушілердің арасында болашақ бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер, халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтіндер және дипломаттар бар. Балық процес Қазақстанның сайлау туралы заңнамасына сай жүргізіліп жатыр.  

Талғат Алманов, тілші:

- Жалпы АҚШ-та жүрген қазақстандықтар 3 қалада дауыс бере алады. Біз тұрған Вашингтоннан бөлек, қазақстандықтар көп шоғырланған Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы консулдықтарда барып, таңдауын жасай алады. Сонымен қатар, Канаданың Оттава қаласында да дауыс беру учаскесі таңғы сағат 7-ден жұмыс істеуде. Жалпы шет елде 74 дауыс беру учаскесі болса, Сан-Францискодағы дауыс беру учаскесі ең соңғы болып жабылады.