АҚШ-та дауылға байланысты 35 округте төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-та тағы дүлей дауыл соғуы мүмкін.

Associated Press агенттігі келтірген мәлімет бойынша «Милтон» тропикалық дауылы қазір Флорида штатына қарай жылжып барады. Осыған байланысты аталған өңірдің 35 округінде төтенше жағдай жарияланды. Мамандардың болжамы бойынша, алдағы күндері аймақта жауын-шашын түсіп, тасқын жүруі мүмкін. Тақауда ғана АҚШ-тың оңтүстік-батысында «Хелен» дауылы соғып, оның арты алапат су тасқынына ұласқан еді. Салдарынан 200-ден астам адам опат болды. Мыңдаған азамат зардап шекті.