Ливанда жаңа оқу жылы кейінге шегерілді

Ливанда жаңа оқу жылы 4 қарашада басталады.

Мұндай шешім Израиль мен "Хезболла" арасындағы қақтығыстың күшеюіне байланысты қабылданды. "Әл-жазира" телеарнасының хабарлауынша, оқу жылы әу баста 7 қазанда Хамастың Израильге жасаған шабуылының 1 жылдығы күні басталуы керектін. Бірақ шиеленістің өршуінен билік өкілдері білім ордаларын босқындарды орналастыру орталықтары ретінде қолдануға мәжбүр. Елдің оңтүстігінен қоныс аударғандардың қатарында шамамен 400 мың бала мен 40 мың мұғалім бар.