Нотр-Дам соборына қоңыраулар орнатылды

Париждегі Құдай ана соборын қайта қалпына келтіру жұмыстары аясында қоңыраулар орнату жұмысы аяқталды.

Бұл туралы Францияның Мәдениет министрі әлеуметтік желісінде хабарлады. Қоңыраудың ең ірісінің салмағы 4 тоннадан асса, кішкентайы 782 келі. Мамандар оларды Нормандиядағы зауытта қалпына келтірген. Әлемге әйгілі католик шіркеуінің қайта ашылуына 63 күн қалды. Осыдан 5 жыл бұрын бұл шіркеу отқа оранып, келушілер үшін жабылған еді. Өрттің неден шыққан әлі күнге дейін белгісіз.