NASA ғалымдары Плутон серігінен көмірқышқыл газын тапты

NASA ғалымдары Плутон серігінен көмірқышқыл газын тапты

NASA ғалымдары Плутонның ең үлкен серігі Харонның бетінде көмірқышқыл газы мен сутегінің тотығы барын анықтады.

Бұл жаңалықты мамандар Джеймс Уэбб атындағы телескоптың көмегімен анықтаған. Ғалымдардың пікірінше, Харондағы сутегі тотығы радиацияның су молекулаларына әсерінен пайда болуы мүмкін. Ал көмірқышқыл газы метеориттердің құлауынан пайда болса керек. Плутонның массасы Айдан алты есе аз. Атмосферасы 20 қабаттан тұрады. Яғни жердікінен де көп.