Пәкістанда әуежай жанында жарылыс болды

Пәкістанның ең ірі қаласы Карачи халықаралық әуежайы маңында жарылыс болып, 1 адам көз жұмды.

Тағы 10 адам жарақат алған. Арасында шетелдіктер бар. Алдын ала мәлімет бойынша автоцистерна жарылып, соңы өртке ұласқан. Бірақ жергілікті ақпарат құралдары бұған Белуджистанның азаттық әскерінің қатысы барын хабарлайды. Бұл ұйым Иран мен Ауғанстан шекарасына жақын орналасқан Белуджистан провинциясының тәуелсіздігін талап етіп келеді. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.   

Гулам Ажер Махесар, полиция өкілі:

- Нақты бірдеңе айтуға әлі ерте. Сот медициналық сараптаманың нәтижелерін күту керек. Алдын ала мәлімет бойынша автоцистерна жарылды ма деп отырмыз. Бірақ лаңкестік әрекетті де жоққа шығара алмаймыз. Енді алдағы уақытта осы жағын анықтау керек.