Израиль әскері мен «Хезболла» ұйымы бірін-бірі атқылады
«Хезболла» ұйымы Израильдің Хайфа қаласын зымырандармен атқылады.
Ливандық топ әскери базаны көздегендерін айтады. Бірақ еврей елінің ақпарат құралдары шабуылдан қаладағы тұрғын үй мен жол бүлінгенін хабарлайды. Салдарынан 10 адам зардап шеккен. Израиль әскері Газа Секторынан да зымыранмен шабуыл жасалғанын айтады. Олар біреуін көкте атып түсірген. Қалғандары жазық далаға құлаған. Ал еврей елінің қарулы күштері Ливанды атқылап жатыр. Ел астанасы Бейрутте «Хезболланың» нысандары мен қару-жарақ сақтайтын қоймаларына әуеден шабуыл жасалды.