Иранда әуе қатынасы қайта жанданды
Иранда әуе қатынасы қайта жанданды, деп хабарлайды 24kz.
Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпар бойынша елдің азаматтық авиация басқармасы қажетті қауіпсіздік шаралары енгізілгеннен кейін кешегі шектеулердің бәрін алып тастаған. Қазір Тегерандағы халықаралық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иран билігі қауіпсіздік мақсатында барлық әуе рейсін тоқтатқан болатын. Мұндай шешім Израильмен арадағы шиеленістің өршуіне байланысты қабылданды.