Боливияда бір жылда 10 млн га орман алқабы өртенді
Боливияда 1 жылдың ішінден өртенген орман алқабы 10 млн гектардан асты.
Сарапшылар: "Бұл - Куба немесе Исландияның жер аумағына тең аумақ", - дейді. Табиғи апат көбіне елдің шығысындағы тропикалық орманға зиян келтірген. Үкімет өткен аптада төтенше жағдай жариялады. Оттың тұтануына ыстық және құрғақ күн райы себеп. Қасақана өртеп жатқандар да бар.
Джони Роджас, Санта Крус департаментінің төтенше жағдай үйлестірушісі:
- Қазір бір ғана Санта Крус департаментінің 21 қаласында 58 жерде өрт болып жатыр. Табиғи апат аумағынан 291 адам, 834 жануарды құтқардық. Өкінішке қарай, 80 кісінің өмірін арашалап қала алмадық. Бұл аймақта бір тамшы жабыр жаумағалы бірнеше ай болды. Әдейі от қойып жүрген қылмыстық топтар да бар.