Флорида тұрғындары жаппай эвакуацияға дайындалып жатыр
АҚШ-тағы Флорида штатының тұрғындары жаппай эвакуацияға дайындалып жатыр.
Оған "Милтон"дауылы себеп. Болжам бойынша тілсіз жау қазанның 9-ында Флориданың батысына жетеді. Синоптиктер келтірген дерекке сәйкес, дауылдың күші үшінші деңгейге жетеді. Ал желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымнан асады. 2017 жылы Ирма дауылынан 7 миллион америкалық үйін тастап, қауіпсіз жерге көшкен еді.