ЕО құтқарушылары Босния мен Герцеговинадағы тасқын салдарын жоюға көмектеседі

Еуропалық комиссия су тасқынынан зардап шеккен Босния мен Герцеговинаға іздеу-құтқару топтарын жібереді.

Бұдан бөлек, апат аймағында жұмыс істеп жатқан жедел әрекет ету қызметтерін қолдау мақсатында шұғыл түрде тиісті көмек жеткізілмек. Демалыс күндері бұл елге Хорватия, Словения, Черногория мен Сербияның іздеу-құтқару топтары аттанды. Олар хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеп, қаланы қирандылардан тазартып жатыр. Еуропалық комиссия келтірген ақпар бойынша Босния мен Герцеговинаға апат салдарымен күресуге кәрі құрлықтың 12 елі көмек ұсынған.